Bugin

Ресей танктері Украина шекарасындағы бірнеше аумақты бұзып өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей танктері Украина шекарасындағы бірнеше аумақты бұзып өтті. Украинаның мемлекеттік шекарасы арқылы артиллериялық атқылау жүріп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы Украинаның мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейлік әскери техника, оның ішінде броньды машиналар Чернигов, Сумы, Луганск және Харьков облыстарында мемлекеттік шекараны бұзды.

Атап айтқанда, Чернигов облысында жау техникасы Сеньковка және Гремяч бекеттері арқылы және басқа бағыттар бойынша өтуде. Сондай-ақ, колонналардың қозғалысы Харьков облысындағы бақылау-өткізу пункті арқылы және Луганск облысындағы «Милово» бақылау-өткізу пункті бағытында орын алуда.

Луганск, Сумы, Харьков, Чернигов және Житомир облыстарының шекара бөлімдері мен шекара отрядтарының көпшілігіне от атқыланды. Шекарашылар арасында бірқатар әскери қызметшілер зардап шекті.